«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Хабаршысы» ғылыми мерзімдік басылым болып саналады және 2005 жылдан бастап жарыққа шығады. Журналдың шығу мерзімі – үш айда бір рет( жылына 4 саны шығады). Журнал Қазақстанның барлық өңірлеріне, ТМД мемлекеттері мен алыс шетел аумағына тарайды.    Журналда физика-математика, жаратылыстану, техника, филология, тарих, философия, әлеуметтану, экономика, заң ғылымдары, сонымен қатар өнер, мәдениет және спорт салалары бойынша жазылған ғылыми зерттеулер жарияланады. Журнал редколлегиясы университет және шетелдік алдыңғы қатарлы ғалымдардан құралған.

   Журнал алғаш рет Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігінде 2005 жылдың 26 наурызында тіркелді, куәлік нөмірі №5859-Ж, ал 2014 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат Министрлігінен қайта тіркеуден өтті, куәлік нөмірі №14089-Ж.

   Журнал Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының отандық ғылыми журналдар мен басылымдар тізімінде тіркелген. Журналдың халықаралық коды ISSN 2312-475Х. Жазылу индексі - 74646.

svidet

certificate

Журнал тарихы

Тіркелу куәлігі

№ 14089-Ж

16.01.2014.

  ISSN: № 2312-475X

Жазылу индексі:4646

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30