МАҚАЛАНЫҢ РӘСІМДЕЛУІ

 Мақалалар компьютерде терілген жазбалар түрінде, бір данамен қабылданады. Сонымен қатар мақаланың Microsoft Word 2010 жүйесінде, жадыда электрондық нұсқасы да ұсынылады.

  1. Қолжазбаларды авторлар мұқият тексеріп, қатесіз тапсыруы керек.
  2. Мақала көлемі компьютерде терілген мәтінмен 3-10 бет (мәтін Times New Roman қарпімен теріледі, қаріп өлшемі-12) жадағай ара қашықтықта, абзацтық шегініс-1,25 см. Сондай-ақ мынадай жиектік өлшемдері сақталған болуы шарт: жоғарғы және төмен- 2 см. және сол жағы мен оң жағы-2 см.

Мақала құрылымының жалпы тәртібі

 *ҒТАМР (Ғылыми-техникалық ақпараттық мемлекетаралық рубрикаторы) (12 қаріп өлшемімен).

*Мақаланың атауы (12 қаріп өлшемі, бас, қою әріптермен).

*Автордың(лардың) аты-жөні, қаласы, елі ( 12 қаріп өлшемімен, бас, қою қаріптермен).

     *Қызмет орны (12 қаріп өлшемімен, ашық курсивпен)

     *Аннотация үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көлемі – 100-150 сөз (10 қаріп өлшемімен).

     *Кілт сөздер – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, көлемі–6-8 сөз (10 қаріп өлшемімен, тік қаріппен).

     *Мақалаға ғылым докторы немесе кандидат лауазымы бар, редакциялық кеңес мүшелері құрамына кірмеген, кем дегенде екі тәуелсіз ғалымның не мақаланың тақырыбына сәйкес маман пікірі беріледі.

     *Автордың аты-жөні (толық), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сонымен қатар автор(лардың) пошталық мекен-жайы, қызметтік және мобильді телефон нөмірлері, электрондық поштасы туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.

Мақаланың құрылымы

Мақалалар мынадай бөлімдерге бөлінеді: Кіріспе (бас тақырыпсыз), Негізгі бөлім: зерттеу әдістемесі, нәтижелер, талқылау, Тұжырым. Егер тақырыпшалар бар болса 12-ші қаріп өлшемімен, қою курсивпен теріледі. «Жаратылыстану ғылымдары» айдарында көрсетілетін өсімдіктер мен жануарлардың латынша атаулары мәтінде курсивпен көрсетіледі.

Суреттер мен кестелер мәтінде келтірілген тәртіп бойынша нөмірленеді, әр кесте мен суреттің жеке тақырыбы болуы керек, тақырып қою қаріппен жазылады.

Қысқартулар. Жалпыға белгілі өлшем бірліктерінің (физикалық, математикалық, химиялық терминдердің, т.б.,) қысқаша аталуын көрсетуге болады. Барлық қысқартулар мен шартты шамалардың мәтінде толықтай атауы (10 қаріп өлшемімен) көрсетілуі керек. Мекемелердің атаулары мәтінде алғаш кездескенде толығымен жазылып, қасына жақшаның ішіне қысқартылған түрі көрсетіледі.

Пайдаланылған ақпараттар тізімі туралы

       Ақпарат көздері 12-ші қаріп өлшемімен нөмірленіп, мақаланың ішіндегі сілтемелер төртбұрышты жақшалар арқылы көрсетіледі, 7.1-2003 МЖСТ бойынша рәсімделуі керек, мысалы:

1.Ансартов Р.М., Айзиков М.И., Расулова С.А. Метод количественного определения леукомизина // Вест.КазНУ. Сер.хим –2003. – Т.1.№8. –С. 40-41 (журнал мақалалары)

2.Абимульдина С.Т., Сыдыкова Г.Е., Оразбаева Л.А. Функционирование и развитие инфраструктуры сахарного производства // Инновация в аграрном секторе Казахстане: Матер. Междунар. конф., Вена, Австрия, 2009. – Алматы, 2010. –С. 10-13 – (конференция материалдары)

3. Курмуков А.А. Ангиопротекторная и гипопипидемическая активность леукомизина. – Алматы:Бастау, 2007. –С.3-5 (газет мақалалары)

4.Соколовский Д.В. Теория синтеза самоустанавливающихся кулачковых механизмов приводов [Электронный ресурс]. –2006. – URL: http://bookchamber.kz/stst_2006.htm (дата обращения: 12.03.2009) – (интернет көздері)

5.Петушкова, Г.И. Проектирование костюма: учеб.для вузов/ Г.И.Петушкова. – М.: Академия, 2004. – 416 с. (кітап)

 

Журнал тарихы

Тіркелу куәлігі

№ 14089-Ж

16.01.2014.

  ISSN: № 2312-475X

Жазылу индексі:4646

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31